Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – бұл Қазақстан Республикасының басты Ұлттық мерекесі. 12 желтоқсан біздің колледжде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиналған қауымға тақпақ арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті айтып, туған жердің әсемдігін әнмен жырлап жеткізді. Колледж директоры қатысушыларды мерекемен құттықтады, бастамашыл және шығармашыл, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосқан баға жетпес үлесі үшін оқытушыларға және колледж студенттеріне оқудағы жоғары жетістіктері, колледж өміріне белсенді қатысқаны үшін грамота табыс етті. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, жақсылық, келешегі өркендей берсін. Бейбітшілік, жақсылық, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз! .