Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттың бірыңғай сағаты

Студенттердің бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың , 14 наурыз 11.00 сағат Петропавл құрылыс-экономикалық коллледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбы бойынша Бірыңғай сағаты өтті. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесінің мүшесі Свинухова Ольга Михайловна бірыңғай сағаттың қонағы болды. Іс-шараға барша студенттер қатысты.