Ақпарат

ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Құрылған жылы:: 9 желтоқсан 2015 жыл. Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының бұйрығымен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің базасында ресурстық орталық ашылды.

Ресурстық орталығының миссиясы: – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың икемді білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы және тығыз әлеуметтік серіктестік негізінде бәсекеге қабілетті мамандармен облыстың , құрылыс ұйымдары мен тамақтану кәсіпорындарын қамтамасыз ету

Мақсаты: кәсіптік даярлаудың белгілі бір түрі бойынша қазіргі заманғы жоғары тиімді білім беру ресурстарын біріктіру және шоғырландыру арқылы инновациялық технологиялар үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Негізгі міндеттері:

1. Өндірістік оқыту, оқу практикасы бөлімдерінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім , бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білім берудің , кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру..

2. Эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіби , құзыреттіліктерінің модульдерін құрастыру.

3. Қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (біліктілікті арттыру, жұмыс мамандықтары бойыншакадрларды даярлау және қайта даярлау).

4. ТжКБ ұйымдармен бірлесе мастер-кластарды, , ғылыми-практикалық конференцияларды, оқу семинарларын өткізу..

5. Экономика және білім беру саласы арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту

6. Оқушыларды кәсіби бағдарлау.

7. Еңбек ресурстардың аймақтық нарығын және білім беру қызметтерінің маркетингтік зерттеулерін жүргізу .

8. Өндірісті және цехтер өнімін сатуын ұйымдастыру .