30 мамыр күні коллежде «Деструктивті және жалған діни ағымдардың жағымсыз әсері. Интернет және жауапкершілік» жастарға арналған оқыту семинары өтті, Аталған іс-шараға Петропавл қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Семинар барысында СҚО діни істер басқармасы: діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу бөлімінің басшысы Қасенова Роза Ивановна, Ақмола облысы «Насихат» кеңес беру-оңалту орталығының спикерлері Тоқсанов Данияр Серікбайұлы және Алшинбаев Қанат Муханғалиұлы қатысты.