«Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі – білім мен жұлдыздар айлағы» атты Александр Викторенко атындағы «ғарыштық» сыйақылар мерекесі

2014 year 4 мамырында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі – білім мен жұлдыздар айлағы» атты Александр Викторенко атындағы «ғарыштық» сыйақылар мерекесі өтті.
Бұл мереке күні біздің колледжге осы мерекеге бастау салған Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Афанасьевич Башмаков келді.Мерекеге Солтүстік Қазақстан облысы Білім Басқармасы басшысының орынбасары Қалғожина Күлпаш Әміржанқызы, педагогикалық еңбек ардагерлері, әлеуметтік серіктестер, ата-аналар, өткен жылдардағы ғарыштық сыйақы иегерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақстан жерінен Ғаламтор құпияларына» атты ғарыштық аллея.
Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер А.С.Викторенко атындағы кабинетті тамашалау.
Мейрам барысында «Бейбітшілік пен келісім орталығы» кабинеті ашылды.
Ғарыш батыры, Қазақстан жерінің батыры – Александр Викторенко.
(«Петропавл –Мәскеу» онлайн режиміндегі телекөпір).
Қазіргі заманауи байланыс құралдары арқасында жиналған қауым ұшқыш-ғарышкермен тілдесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, өз сезімдерімен бөлісті.
Александр Степановичке арналып оның туып-өскен жері – Ольгинка ауылы туралы слайд-шоумен бірге «Жила бы деревня» әні шырқалды.
А.С.Викторенко атындағы дипломдар және сыйақылармен марапаттаудың салтанатты кезеңі.
Жүлделі сыйлыққа 14 оқушы, 5 оқытушы және колледждің 2 әлеуметтік серікттестері ие болды. .
Ғарышкер-ұшқыш А.С.Викторенконың сыйақысына ие болған оқытушылар:
1. Энно Ольга Борисовна –технологиялық пәндердің оқытушысы
2. Шибанов Николай Иванович – құрылыс пәндерінің оқытушысы
3. Даутова Ирина Викторовна – құрылыс пәндерінің оқытушысы
4. Малкова Анна Николаевна – заң пәндерінің оқытушысы
5. Берген Елена Владимировна – бухгалтерлік пәндердің оқытушысыҒарышкер-ұшқыш А.С.Викторенконың Алғыс хатымен марапатталған колледждің әлеуметтік серіктестері:
1. ҚалиевҚұдайбергенҚалиұлы
2. Аубакиров Рустам Мұратұлы

Барлық лауреаттар атынан «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің белсендісі Тайжанова Айжан алғыс айтты.
Жүлде лауреаты Михайлова Елена Александр Степановичке және барлық қонақтарға «Нежность»әнін сыйға тартты.