Колледж директорының түлектерін құттықтаймыз.

Құрметті түлектер, Сіздерді біздің Петропавл құрылыс – экономикалық колледжінде оқуды бітірулеріңізбен құттықтаймын.

Бүгінгі күні білім - жалпы қоғам мен адам табысының басты факторы.

Барлығымыз үшін қиын уақыт кезеңінде, пандемия жағдайында, қашықтықтан оқыту форматында оқуды аяқтау кезінде , қашықтықтан оқыту форматында оқуды аяқтау кезінде сіздер шыдамдылық пен табандылық , таныттыңыз.

Әлемді цифрлық технологиясыз елестету мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті бекіткен "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы өзінің оң нәтижесін берді. Биылғы оқу жылында барлық білім беру жүйесі цифрлық білім беру ресурстарына көшті. Біз сендермен осы қойылған міндетті ойдағыдай орындап, қашықтықтан оқытуда АТ-технологияларын толық көлемде пайдаландық. Сендер өз білімдеріңді жоғары деңгейде көрсеттіңдер, бұл біздің жұмысымызға берілген сапалы баға.

Алда – кәсіби жолдың басталуы, үлкен жетістіктер уақыты. Осы 2020 жыл, - маңызды мерейтойларға толы: 750-жылдығы Алтын Орданың , 1150-жылдығы философ Әл-Фарабидің , 175-жылдығы Қазақтың ұлы жазушысы, ағартушы Абай Құнанбаевтың , 120-жылдығы Қазақ әдебиетінің классигі, ақдемик – жазушы Сәбит Мұқановтың, -, 25-жылдығы ҚР Конституциясының . Сонымен қатар ағымдағы оқуды бітіруші түлектер үшін де биылғы жыл ерекше өтті. Бұл ел тарихында, білім саласында , бұрын-соңды болмаған жағдай.Қарқынды дамып келе жатқан әлемде елдің табысты дамуының басты факторы адамдар, олардың білімі, дарыны мен патриотизмі болып табылады.. Еліміздің Президенті жас ұрпақ біздің сенімімізді ақтап, Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына шығара алатынына сенім білдіреді. Біздің колледж, Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің көркеюіне, мамандарын дайындау, өз өңірінің дамуына елеулі үлес қосатын білікті, бәсекеге қабілетті, табысты мамандарды дайындайды.

Бүгін біз сіздермен бірге колледжіміздің тарихының тағы бір жарқын кезеңдерін өткеріп, ертеңгі күнге зор үміт артамыз. Маңызды мақсат қоятын , кез келді. Сіз бұған дайын екеніңізге күмәнім жоқ, колледж сізге кәсіби біліктілік пен дағдыларды, орасан зор білім қорын берді, Ел ертеңi — бiлiмдi жастар.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады.. Жас ұрпақтың ынтасы мен жетістікке ұмтылыстары Қазақстанның болашағын, біздің келешекте өмір сүретін заманауи қоғамның бейнесін айқындайды. Қиындықтардан қорықпаңыз, оларды еңсеріп, жаңа биіктіктерді бағындырыңыз. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, таңдаған саланың мықты мамандары болуларыңа тілектеспін. , Сіздерге бақыт, денсаулық және үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! , Бәріңе ақ жол тілеймін!