«ПҚЭК – білім мен жұлдыздар айлағы»

2002 жылдан бастап жыл сайын Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде дәстүрлі түрде «ПҚЭК – білім мен жұлдыздар айлағы» мерекесі өтеді, бұл мерекеде үздік оқытушылар мен студенттерге Кеңес Одағының Батыры ұшқыш-ғарышкер А.С. Викторенко атындағы сыйақылар беріледі. Бұл жолы атаулы сыйақыларды беру үшін А.С. Викторенкомен бірге колледжге Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі С.С. Ескендіров Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы А.А. Башмаков және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев келді.
Мерекенің құрметті қонақтарын «нанмен және тұзбен» қарсы алынып оларға арнау жолдары арналды.
Кейін кездесудің естелігі ретінде қонақтар студенттермен бірге «Жасыл ел» студенттік отрядымен Бейбітшілік, Достық, Береке, кездесу қуанышын білдіретін атаулы ағаштарды отырғызды.
Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі қабырғасына бірінші рет келу құрметіне байланысты колледж ұжымына колледждің материалды-техникалық базасының жақсартылуына 1 миллион теңге сомасына сертификат берді
Біздің атаулы қонақтарға мерекелік бағдарлама ұсынылды, онда Дәмеш Құрманқинаның, «Экспромт» тобының жас ғарышкерлерінің биін орындауында және арнайы алғашқы рет біздің қонақтарға арнап Колокольчиковтің орындауындағы«Байқоңыр» авторлық әні шырқалды.
Бұл жылы ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, СҚО құрметті азаматы А.С. Викторенко атындағы сыйақыға колледждің үздік 5 оқытушысы және 12 студенті ие болды.
Бұл шаражаңа істер мен жаңа шыңдарға жету үшін серпін тигізеді.