Сакен Сейфуллин: «Адал және шыншыл ақын»

10 10 қазан Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің кітапхана қызметкерлері. И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлерімен бірлесе "Бейбітшілік және келісім" орталығында қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай шығармашылық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткерімен, оның поэзиясымен танысу; Қазақстан тарихы саласындағы танымдық қызығушылықты дамыту; адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында 1 курс студенттері (133 және 147 топ ) қазақтың ұлы ақынының өлеңдерін оқыды, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көріп, интеллектуалдық ойынға қатысты. Ойын жеңімпазы 147 - топ студенті Мухамеджанова Камиллаға С. Сейфуллиннің өлеңдер жинағы табысталды.