Жарқын Наурыз мейрамы

Біздің колледжде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы аталып өтті. Мәжіліс залында "Бірлік", «Достық», «Жеті ырыс», «Байтерек», «Жаңғыру» ауылдары орналастырылды. Ауыл - колледждің әр бөлімінен құрылды. Барлық ауылдарда ұлттық тағамдар, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Барлық қатысушыларды, оқытушыларды және қонақтарды колледж директоры Кушумбаев Ағыбай Бағыткееревич мерекемен құттықтады.

Бұл мерекеде барлығына бейбітшілік, жақсылық, береке, молшылық, көктемгі көңіл-күй тілейміз.