«Техникалық және кәсіптік білім беру студенттеріМәңгілік Ел жастары» атты облыстық патриоттық форум

2014 year 18 сәуірінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен «Техникалық және кәсіптік білім беру студенттеріМәңгілік Елжастары» атты облыстық патриоттық форум өтті.
Форумға техникалық және кәсіптік білім бері ұйымдарының ұстаздары мен студенттері; жастар саясаты Басқармасының өкілдері; оқу мекемелерінің әлеуметтік серіктестері; техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлері; жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форум жастар флэш-мобымен ашылды. Оған біздің колледж оқушылары да қатысты
Өз өнерлерімен жиналған қауымды «Арай» халық биі ансамблі қуантты
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізуден экспериментті аймақ болып табылады. Колледждің әлеуметтік серіктестері республикада үздіктердің қатарында.
Біздің колледжіміздің әлеуметтік серіктестері атынан форумда СҚО рестораторлар Кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты – Сайран Шайсұлтанұлы Хамзин сөз сөйледі.
«Мәңгілік Ел» Тілектер Кітабын салтанатты табыстау кезеңінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері атынан Тілектер Кітабын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдеріне табыстау құрметіне біздің колледждің оқушылары ие болды.