Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні

3 маусым күні Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын басында Қазақстан Республикасының Туы шығарылды. Мемлекеттік Әнұран орындалды. Жүргізушілер мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Әнұранының шығу тарихы жөнінде, Мемлекетіміздің Туы мен Елтаңбасында геральдика заңына сәйкес бейнеленген рәміздер туралы айтып берді. Салтанатты жиынның негізгі міндеттері болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жалпылау, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, біздің еліміздің тарихы мен салт-дәстүріне құрметпен және ықыласпен қарау сезімдерін тәрбиелеу, өз Отанына деген махаббаты мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болды. Студенттер мен оқытушылар қауымын колледж директоры Н.Д.Ухов және әкімшілік мүшелері құттықтады. Мемлекеттік рәміздер күнін тойлау шеңберінде ең үздік шәкірттерге салтанатты түрде мадақтау қағаздарымен марапаттау өткізілді. Колледж мақтау қағаздарымен «Серпін – 2050тақырыбына ақпараттық сағат өткізілді, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларына қатысушы колледждің құрылыс бөлімінде оқитын шәкірттері марапатталды. Оқушылар колледждің, қаланың және облыстың барлық іс-шараларына белсеңді түрде қатысты.