WorldSkills -2017 колледжішілік чемпионат

2017 жылдың 27 ақпанында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде WorldSkills -2017 колледжішілік чемпионат өтті. Конкурс әлеуметтік серіктестердің және техникалық пен кәсіптік білімнің ардагерлердің қатысуымен салтанатты түрде басталды (фото 1). Чемпионат бес құзыреттілік бойынша өтті: «Аспаз ісі», «Кірпіш қалау», «Тақтайшамен қаптау», «Дәнекерлеу технологиялары», «Тордық және жүйелік әкімшіліктендіру». Дәстүрлі болып кеткен кәсіби шеберліктің конкурсында студенттер қалыптасқан тәжірибелік білімнің, кәсіби білік пен дағдылардың деңгейін көрсетулері керек болды. Құзыреттіліктер бойынша даусыз жеңімпаз:
• «Кірпіш қалау» – Teterenko Владимир, 211 топ студенті (фото 2);
• «Дәнекерлеу технологиялары» – Бексұлтанов Сұлтан 362, топ студенті (фото 3),
• «Аспаз ісі» Гран – Дубинин Александр, 427 топ студенті;
• «Тордық және жүйелік әкімшіліктендіру» Галиков Роман, студент 318 топ ;
• «Сылау жұмыстары» – Кошеров Думан, 251 топ студенті (фото 4).
Колледжішілік чемпионаттың жеңімпаздары WorldSkills Kazahstan аймақтық чемпионатында колледж намысын қорғайтын болады.